Баға – билік бақылауында
Облыс әкімінің орынбасары Д.Рыспековтың төрағалығымен Ұлытау облысы бойынша азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және баға белгілеудің қазіргі жағдайы, сондай-ақ тұрақтандыру қорының тауар интервенциясы бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәселелер қаралды.
Биыл қыркүйек-қазан айларында облыс әкімдігі Мемлекеттік кірістер департаментімен, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен және Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамада белгіленген сауда үстемесін асырған 5 кәсіпкерді анықтады.
Аталған бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жіберілді. Жоғарыда аталған кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ағымдағы жылдың басынан 23 құқық бұзушы тартылды).
Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде тапсырмалар берілді.