Азаматтарды әскери қызметке шақыру туралы

Ағымдағы жылдың 5-ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті «Әскери қызметтің белгілеген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» жыл сайынғы Жарлыққа қол қойды.

2021 жылы 30 мыңнан астам оның ішінде Қарағанды облысында 1500-ден астам жасты әскерге шақыру жоспарланды.

Осы уақытта ҰҚК Шекара қызметін жасақтау жоспарлы түрде жүргізілуде.

Бұл ретте әскерге шақырылғандар және Қарулы Күштердің жасақтауға тартылған лауазымды тұлғалары медициналық тексеруден өткенде пандемия кезіндегі сақтық шаралары сақталды.

Сонымен қатар, шақырудың негізгі міндеті әскерлерді денсаулығы мығым және моральдық даярланған жастармен жасақтау.

Шақыруды жүргізушілер денін жергілікті атқарушы органдар және медициналық комиссияларды құрайды, оның төрағасы әкім орынбасары, ал медициналық комиссияның төрағасы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып табылады.

Сонымен қатар әскерге шақырылушыларды іріктеу үшін, әскерге шақыру комиссия құрамына ішкі істер ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық ұйым өкілдері, Қарулы Күштер, жергілікті соғыс ардагерлері және дін жүйесінің өкілдері кіреді. Көрсетілген комиссияның қабылданған шешімін негізінде біздің жастар әскерге жолданады.

Әр әскерге белгілі бір талаптар бар, сол талаптар бойынша әскерге шақырушы қандай әскери бөлімдерде қызмет өтейтіні белгіленеді. Мысалға: Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің әскери-ғылыми взводын жасақтау үшін IT-мамандықтары, сондай-ақ әскерге шақырылушының денсаулық жағдайы маңызды, ал десанттық әскерлер және арнайы тағайындалған әскерлер үшін бойының параметрлері 170 см төмен емес сияқты әскерге шақырылушының дене бітімдері маңызды, спортшыларға талдау беріледі.

Алайда осымен бірге Қарулы Күштері музыканттарға, аспазшыларға, жүргізушілерге, байланысшыларға және көптеген басқа мамандықтарға мұқтаж.

Әскерге шақырылғандардың бір бөлігі 6 ай ішінде мынандай әскери мамандықтар бойынша оқуды өтеді: БТР, БМП, танк механик-жүргізушісі, артиллериялық және миноатқыш қаруларының командирлері және көздеушілері, инженерлік қамтамасыз ету мамандықтары, Қарулы Күшері оқу орталықтарында байланыс мамандары.

Оқу аяқталысымен олар мамандар ретінде әскери бөлімдерге жолданатын болады.

Бұдан басқа негізгі дағдылардың арасында әскер жас адамдарды тәртіпке, жауапкершілікке, өздігіне үйретеді және дене күшіне, шыдамдылыққа ие болады.

Әскерде берік достастық, бауырластық танылады, әскери қызметшілер топпен жұмыс жасағанды, оқу-жаттығулардағы қиын-қыстау жағдайларды тапсырмаларды орындауға, тез ойлануға және шешім қабылдауға үйретеді, олар әскери қару-жарақты қолдануда күрделі әскери техниканы пайдалануды техникалық дағдыларға ие болады.

Бұл ретте орта-техникалық немесе жоғары білім бар әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметтің 6 айын өтегеннен кейін келісімшарт бойынша әскери қызметке түсуге құқықтары бар. Атап айтқанда, егер әскерге шақырылушы өзінің өмірін әскери қызметпен байланыстыруды жоспарласа, онда ол келісімшарт бойынша қызметке жарты жылдан кейін-ақ кіре алады.

Әскерге шақыру немесе мерзімді кейінге қалдыру бөлімінде барлық сұрақтар бойынша кеңес жүргізу үшін Қорғаныс министрлігінде «жедел желі» жұмыс жасайды, онда жауапты лауазымды тұлғалар азаматтарды толғандыратын барлық сұрақтарды түсіндіреді және түсініктеме береді.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы әскери қызметтің қауіпсіздігіне үлкен назар аударады. Ұдайы негізде Әскери прокуратурамен, сондай-ақ әскери полиция органдарымен бірлесе отырып, әскери ұжымды, салауатты ортаны орнату үшін жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Әскери бөлімнің әр бөлмесінде бейнебақылау жүргізіледі. Әр әскери бөлімде гарнизон прокурорының және Әскери полиция жасағы бастығының сенім жәшіктері орналасқан. Хат-хабарлар проблемалық мәселелер бойынша тездетіп шешімдер қабылдау үшін мекенжайларға түседі.

Казарманың штабында, асханада, БӨП, клубта барлық деңгейдегі басшылық құрамының, қоңырау шалу құрылғылары мен сенім телефондары туралы ақпарат орналастырылған. Әскери қызметшілердің қызметтік әрекеттегі проблемалары туралы оларға қоңырау шалуға немесе СМС-хабарлама жолдауға мүмкіндіктері бар. Әр келіп түскен сигнал бойынша проблемалық мәселелерді тексеру және жою бойынша, сондай-ақ осындай оқиғаларды алдағы уақытта болдырмау үшін қажетті жұмыс жүргізіледі.

Ұлытау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.