Азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді

Бүгін Ұлытау облысында «Халықтық заңгер» республикалық акциясы өтті.
Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Акция аясында әрбір азамат тегін құқықтық кеңес алып, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме және құқықтарын қорғау жөнінде нақты көмек ала алады.

Шараға прокуратура органдары, әділет және полиция қызметкерлері, әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысуда.
Біздің басты міндетіміз – әрбір тұрғынға көмек көрсету, оның сұрағына жауап беру және заңды құқықтарын қорғауға қолдау көрсету.
Бүгінгі акцияда келесі мәселелерге ерекше назар аударылады:
— әлеуметтік қолдау және әлеуметтік төлемдер;
— отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау;
— кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау;
— еңбек және жер қатынастары;
— алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды қорғау;
— тұрғын үй-коммуналдық мәселелер;
Келіп түскен әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті органдарға жолданып, прокурорлық бақылауға алынады.

Біздің мақсатымыз – азаматтардың нақты мәселелерін шешу ғана емес, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтап, оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
Ұлытау облысының прокуратурасы халықпен ашық диалогты жалғастыра береді.
Біз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмысымызды табанды түрде жүргіземіз.
Акцияға белсенді қатысқан барлық тұрғындарға алғыс айтамыз.