Қазақстандық Герасименко – Құрманғалиев дуэті үстел теннисінен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Жас қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисі бойынша 2021 ITTF Kazakhstan International Open бірінші халықаралық турнирінде ерлер жұптық сында өнер көрсетіп, тұғырдың жоғары сатысына көтерілді. Ол Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименкомен бірге жеңіске жетті. Бұл жарыста Кирилл жеке біріншілікте де үздік болды.
Естеріңізге сала кетейік, турнир 15–19 қыркүйек аралығында Қарағанды үстел теннисі орталығында көрермендерсіз өткен болатын. Кеншілер астанасына Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70 спортшы жиналды. Олар медальдар мен 30 мың АҚШ долларын ұтып алды.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова турнирде спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, сондай-ақ Қарағанды орталығының халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтті.
– Министрге заманауи технологиялар бойынша салынған Қарағанды орталығы ұнады, – деді үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Данил Пак. – Жаттықтырушылар мен төрешілердің айтуынша, барлығы жоғары деңгейде өтті. Жарыс биылғы жылы ТМД елдері аумағындағы ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының жалғыз рейтингтік турнирі болып табылады. Көрермендер жетіспеді, бірақ бұл уақыт талабы.
Жанкүйерлердің болмауы жарысты Qazsport телеарнасы мен ITTF халықаралық федерациясының ресми сайтында таратумен өтелді.
Қазақстандық кіші ракетка шеберлері де жақсы техника мен қарсыластардың тамаша дайындығын атап өтті.
– Турнирге кәсіби мамандар жиналды. Барлық матчтар маңызды болды. Мен әрқайсысына дайындалдым. Туған жерімде екі алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Аланға келетін болсақ, бұл өте талантты жігіт, еңбекқор, ойынға жақсы бейімделеді. Ол жарады, – деді турнирдің екі дүркін чемпионы Кирилл Герасименко.
– Мен ойынға ризамын. Матчтар алдында физикалық және психологиялық тұрғыдан бейімделу қиын болды. Әрине, жеке және аралас топтарда жақсы өнер көрсетуге болады. Серіктеспен ойнау оңай болды. Кириллдің деңгейі өте жоғары. Алда Азия чемпионаты өтеді, дайындаламын, – деп жоспарларымен бөлісті Алан Құрманғалиев.
Нәтижесінде еліміздің қоржынында екі алтын және үш қола медаль бар.
Басты матчта Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиев Сауд Арабиясының жұбын жеңді. Жеке разрядтың финалында Кирилл Герасименко Үндістаннан келген Снехит Сураважжуланы жеңіп алды.
Аралас разрядта қоланы Эрик Райтер мен Арай Ашкеева, әйелдер жұптық разрядында – Зәуреш Ақашева мен Сарвиноз Миркадирова, жеке есепте – Айя Алимбаева жеңіп алды.
ITTF Kazakhstan International Open жарысы жыл сайын өткізіледі. Келесі турнир 2022 жылы Алматыда ұйымдастырылады.