Қазақстандағы ең қарт адам 115 жаста

Ұлытау облысының Қызылжар ауылында тұратын Түймегүл Темірбаева биыл 115 жасқа толды. Бұл – еліміздегі ең қарт адамның жасы.

Жалпы, Қазақстанда 100 жастан асқан 448 адам бар. Оның ішінде Алматы қаласында – 58, Түркістанда – 53, Алматы облысында – 37 қазыналы қарт өмір сүреді. Сондай-ақ Павлодар облысының тұрғыны 113 жасқа жетсе, Жамбыл облысының ардагері 110 жасты еңсерді.