Қазақстанда қосымша құн салығы көтерілмейді – Бектенов
Бұл туралы Премьер-Министр Үкімет отырысында айтты.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни ҚҚС-ның ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.
Бұған дейін қосылған құн салығын қазіргі 12%-дан 16%-ға дейін көтеру туралы айтылған болатын.