Қазақстанда инвесторлар құқығын қорғауға арналған арнайы «прокурорлық сүзгі» механизмі енгізілді
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысында осылай деді.
Биылдан бастап мемлекеттік органдар Бас прокуратураның алдын ала келісімінсіз инвесторларға қатысты тексеру жүргізуге, әкімшілік іс қозғауға, талап арыз беруге немесе қандай да бір шектеу қоюға құқылы емес.
«Біз Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қостық. Ол инвестицияларға қатысты мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша біріктіріп, кеңес беруден бастап рұқсат алуға дейінгі барлық үдерісті қамтиды. Бұдан бөлек, іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономикаға жеке инвестиция тарту үшін жаңа Салық кодексі Сенат қарауына енгізілді. Құжат жергілікті өндірісті дамытатын инвесторларға мақсатты жеңілдіктер беруді және қосылған құны жоғары өнім экспорттаушыларды қолдауды қарастырады», – деді Президент.