Қазақмыс корпорациясы Жаңа Қазақстанды қолдайды
Жезқазған қаласында компания басшылығы мен өңірдегі кәсіпорындардың жұмыскерлері арасында өткен кездесуде өнеркәсіптің ел дамуына қосатын үлесі мен жаңа институционалдық өзгерістер кезеңіндегі Қазақмыс корпорациясының міндеті талқыланды.

Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі өз сөзінде тау-кен металлургия саласының Қазақстан экономикасынан алатын орнын атап өтіп, тәртіп пен жауапкершіліктен құралған жүйелі жұмыс компанияның негізгі ұстанымы екенін жеткізді. Сондай-ақ ол мұнда әрбір үдеріс мұқият тексеріліп, әрбір талап қауіпсіздік пен сапа стандартына негізделетінін айтты.
Кездесуде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және оның ел мен өңірлердің тұрақты дамуына тигізетін әсері талқыланды.
Осы орайда, «Қазақмыс корпорациясы» Жаңа Қазақстанды құру бағытын қолдайтынын және елдегі реформаларды жүзеге асыруға өз үлесін қоса беретінін мәлімдеді.

