Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Бүгін Жаңаарқа ауданына қарасты Орынбай ауылының жанында орналасқан «Ауа» және «Айтқожа» шаруа қожалығының тұрғын үйлеріне су келгендігі жөнінде хабар түсті.

️Тау-қырлардан жиналған қар суы бөгетті асып, шаруа қожалықтан 1,5 шақырым арақашықтықта тұрғын үйлерінің жанында орналасқан қора жайлардың жанына барған, бірақ су тұрғын үйлерге кірмеген.

️Шаруа қожалықтың үйі мен Орынбай ауылының арасы 1000 метр шамасында.
Қазіргі уақытта елдімекенге су кіру қауіпі жоқ. Келген қызыл су Орынбай ауылына кіре беріс жолдын іргесімен Жаман Сарысу өзеніне құйылады.

️Елдімекен мен көлік коммуникацияларын су басу қауіпі туындаған жоқ. Ауданның оперативті жағдайы үнемі бақыланып отыр.