Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков тұрғындармен жүздесті

Бүгін Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков Сарысу және Борсеңгір ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл әкімдері биылғы жылы атқарылған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспардағы істерге тоқталып өтті.

Жиын барысында ауыл тұрғындары көтерген жайылымдық жер, жеңілдетілген несие, жол, балаларға арналған автобус мәселесіне тиісті жауаптар берілді.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.