Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды
Президент Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының басшысы Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.
Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.