Ардагерлер бастамасына қолдау көрсетті
Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері мен еңбек ардагерлерінің бастамасымен аудан бойынша сенбілік жұмыстарын ұйымдастырғаны белгілі. Ондағы негізгі мақсат ауылды көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосу. Сондай-ақ, оны жас ұрпаққа дәріптеу.
Бұл үрдісті №1 Ұлытау орта мектебінің биылғы мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналары жалғастырды. Тазалық жұмыстарына қатысушылар үш топқа бөлініп, сәреден мәреге дейін жарысқа түсті. Мәреге алғаш жеткен және ең көп қоқыс жинаған командалар жүлделі орындармен марапатталды.
Соңында аудан әкімдігі қоқыс жинайтын көлік ұйымдастырылып, қатты қалдықтар сыртқа шығарылды.
Сенбілік жұмыстарына қатысқан түлектердің ата-аналар өз тараптарынан осындай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, таза ауада демалып, тазалыққа септігін тигізудің тетігі екендігін жеткізді.