Ардақты аналар! Құрметті қыз-келіншектер!

Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нəр берген көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық əйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің шуақты сəті əйел-аналарымыз бен аруларымыздың мерекесінен бастау алады.
Əйелдер – əлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нəзік жан иелері. Əрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету – қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек.
«Ер – елдің иесі, əйел – үйдің киесі» дегендей, отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі əсемдік пен нəзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз қашанда құрметке лайық.
Қазіргі таңда ауданымыздағы түрлі салада қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мəдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігін, танымы мен талғамын аямаған əйелдер аз емес. Ұрпақ тəрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саясиэкономикалық жəне əлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгінде ел мақтанышы.

Қымбатты аналар! Аяулы асыл жандар!

Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар.
Осы мерейлі мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
Ұлытау аудандық мәслихатының төрағасы.