Қарбыз жеуге әлі ертерек – АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігінде шілде айының соңына дейін қарбыз жеуден уақытша бас тартуға кеңес берді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, дәл осы кезеңнің соңына қарай бақша дақылдары тыңайтқыштар мен өсу стимуляторларын қолданбай, табиғи жолмен піседі. Ал ерте пісетін қарбыздар көбіне жабдықтар астында өсіріледі немесе түрлі қоспалар қолданылып өсірілетіндіктен, әзірге оларды балаларға жеуге бермеген жөн.