Қаражалда «Горняк» стадионы қайта жаңғыртылуда

2021 жылы басталған құрылыс-монтаж жұмыстарын «Construction Training Resources» ЖШС жүргізуде. Жұмыстарды 2023 жылдың қараша айында аяқтау жоспарлануда.

Жоба бойынша футбол, баскетбол және волейбол алаңдарын орнату, қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту және т.б. жұмыстар қарастырылған.

Бүгінде нысанда әкімшілік ғимараттың іргетасын, жасанды жабыны бар футбол алаңын орнату бойынша жұмыстар ішінара орындалды.  Сондай-ақ, нөсер кәрізі мен теннис кортын орнату жұмыстары басталды, көрермендер трибунасын орнату жұмыстары жүргізілуде.