Қарағандылық жас спортшы әлем чемпионы атанды
Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі Борис Букатка жасөспірімдер мен юниорлар арасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды.
Жарыс Румынияның Орадя қаласында өтті. Додада 33 елдің спортшылары жарысты.
Қазақстан құрамасының құрамында Қарағанды өңірін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Борис Букатка таныстырды. 18 жастағы спортшы 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Жалпы нәтижесі 540 кг құраған қарағандылық алтын алды. Ол барлық түрлер бойынша бірінші орынға ие болды: скват – 205 кг, пресс – 130 кг, дедлифт – 205 кг.
Жеңімпаздың тәлімгері – Қарағанды облысының пауэрлифтингтен аға жаттықтырушысы Ирина Дейнека.
— Мен алтыншы жыл осы спорт түрімен айналысамын. Бұл спортқа мені әкем – пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері алып келді, — деп бөлісті әлем чемпионы. – Нәтижеге көңілім толмады. Көп нәрсе істей алар едім. Әрқашан жарыстан кейін мен көрсеткен өнерімді талдап, болашаққа сабақ аламын. Бұл менің ғана жеңісім емес, жаттықтырушыларымның еңбегі.
Алда Борис Букатканы маңызды бастама күтіп тұр – Швециядағы барлық жастағы адамдар арасында классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты. Жігіттің жоспарлары өршіл – екі жаңа әлем рекордын орнатып, чемпион атағын растау.