Қарағандыда жылу 25 қыркүйектен бастап беріледі
Қарағандыда жаңа жылу маусымының басталу күні анықталды. Жылу беру 25 қыркүйекте басталады.
«Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ЖЭО-1, ЖЭО-3, жылу желілері мен станцияларда іске қосу алдындағы жұмыстардың іс-шаралар жоспарын іске асыруға кірісуді, айналым режимін орнатуды тапсырды», — делінген ресми хабарламада.
Бірінші болып әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар: балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т. б. жылу алады.
Тұтынушыларды орталық жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосатын болады. Алдымен Майқұдық, Сұрыптау және Пришахтинск аудандарының үйлеріне, содан кейін Оңтүстік-Шығыс, Федоровка, жаңа қала және Михайловкадағы үйлерге жылу беріледі.
Диспетчерлік қызметтердің телефондары:
— «Сенім» бірыңғай сall-орталығы – 109, @senim109.kz;
— Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі – 41-13-53, @qazybekbi_akim_apparaty;
— Октябрь ауданының әкімдігі – 37-06-42, 35-58-02, @oktyabrakimat;
— «Теплотранзит» ЖШС – 56-17-79, @teplotranzitkaraganda.