Қарағанды облысының оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқиды?

1 сәуірден бастап Қарағанды облысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, оның ішінде топтағы балалар саны 25 адамнан аспайтын шағын орталықтардың қызметі қайта жанданады. Алайда «қызыл» аймақта орналасқан Қарағанды, Приозерск, Шахтинск және Ұлытау аудандарында балабақшаларда кезекші топтар ғана жұмыс істейді.

Бұл туралы және мектеп оқушыларының төртінші тоқсанда қалай оқитыны жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова айтып берді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, егер аймақтар коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «жасыл» және «сары» аймақтарда болса, онда барлық оқушылар оқытудың аралас форматына көшеді, онда пәндердің 70%-ы штаттық режимде өтеді. Ол математика, тілдер, физика, химия, тарих, география, биология, дене шынықтыру пәндері. Ал қалған 30% қашықтықтан өтеді. Оған информатика, құқық негіздері, өзін-өзі тану, көркем еңбек, графика және жобалау, кәсіпкерлік пен бизнес негіздері кіреді. Сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспауы тиіс.

— Бұл оқыту форматы Қарағанды, Приозерск, Шахтинск және Ұлытау аудандарынан басқа, облыстың барлық өңірлеріне таралады. Ал осы төрт елді мекенде сабақтар өзгеріссіз өтеді, яғни оқу 1, 2, 3, 4, 5, 9, 11-ші сыныптарда аралас режимде болады. 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары қашықтықтан білім алуды жалғастырады, — деді Гүлсім Қожахметова.

Оқу процесі «бір сынып — бір кабинет» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Сабақтың ұзақтығы — 40 минут, санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізіледі.

Балалар сабаққа ұқыпты және ыңғайлы киіммен қатыса алады. Мектеп формасы міндетті емес. «Жасыл» және «сары» аймақтардағы дәстүрлі оқыту форматымен білім беретін мектептерде оқушылар өз сыныптарында бетпердесіз бола алады.

Дәстүрлі форматта оқуды құрамында 300-ге дейін оқушысы бар, сыныпта 25 адамнан аспайтын Облыстың 279 мектебі жалғастырады.

Қарағанды облысында барлығы 505 мектеп бар, онда 204 499 оқушы оқиды.

Білім саласындағы олқылықтардың орнын толтыру бойынша да жұмыстар жалғасады. Осы мақсатта сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда жеке сабақтар өткізілетін болады.

Мектептерде ыңғайлы кесте жасалды. Сабақтар арасындағы өзгерістер әр түрлі уақытта ұйымдастырылған. Барлық кіреберістер мен шығу есіктері ашылған, ауысымдар мен ішкі ауысулар саны арттырылған.

Мектеп асханаларының, мамандандырылған мектеп-интернаттардың және мектеп-интернаттардың жұмысы аумақтық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша жалғастырылатын болады.

Ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда оқу процесі санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, аралас форматта қайта басталады.

Басқа қаладан келген балалар өз ата-аналарының қалауы бойынша оқуды қашықтан білім алу форматында жалғастыра алатынын атап өткен жөн.

Техникалық және кәсіптік білім беруге тоқталар болсақ. Штаттық режимде білім беру колледждердің бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырылады, қалғандары аралас форматта оқуды жалғастырады. Бітіруші топтардың студенттері үшін штаттық режимде дипломдық жобалар мен біліктілік емтихандары бойынша жеке консультациялар өткізіледі.

Оқытуды ұйымдастыру бойынша сұрақтармен білім басқармасына жедел желі телефондары: 25-25-02 және 8-747-491-12-91, сондай-ақ телеграм-арна арқылы хабарласуға болады.