Қарағанды облысы «сары» аймаққа енді
Қарағанды облысы бүгіннен бастап «сары» аймаққа енді. Өткен тәулікте өңірде COVID-19 жұқтырудың 120 жаңа жағдайы тіркелді.
Айта кету керек, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан сарыға ауысқаннан кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.
Қазақстанның «қызыл» аймағында үш өңір қалады: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Павлодар облысы.