Қарағанды мұражайында ғылыми-танымдық көрме өтеді
23 қыркүйекте Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қолмен ұстауға болады!» ұранымен «НЕЛІКТЕН?» ғылыми-ойын-сауық бағдарламасы ашылады. Ұйымдастырушы – дизайнер-декоратор Наталья Луцкая.
1935 жылы Ленинградта қызықты ғылымдар үйін ашқан кеңес ғалымы Яков Перельманның тәжірибесі ерекше экспонаттар мен танымдық бағдарламаны жасауға шабыт берді.
Яков Перельман ғылымды ойын түрінде насихаттады. Ойын-сауық ғылымдары үйінде экспонаттардың көпшілігі интерактивті болған. Мысалы, Галтон тақтасы, аэродинамикалық құбыр, Максвелл маятнигі, зымыранның екі метрлік моделі. Перельман экспонаттар келушіге қол жетімді болуы керек деп санаған, сондықтан оларға қол тигізуге, барлық жағынан қарауға, олардың құрылысына енуге және олармен мағыналы жұмыс істеуге мүмкіндік берген.
– Перельманның тәжірибесі көптеген жас қиялшылдарға ересек өмірде жетістікке жетуге көмектесті. Ғарышкер Георгий Гречко өзінің ғарыштық биіктерге жетуінін себебі бала кезінде Перельманның ойын-сауық ғылымдар үйінде дәріс алғаныңда деп есептеген, – дейді Наталья Луцкая. – Мұндай мұражайлар бүкіл әлем бойынша өте көп, және оларды болашақ ақылды ұрпақты тәрбиелеу міндетінің маңыздылығын түсіне отырып, мемлекет барлық жерде қолдайды. Әрбір жұмсалған доллар елге қайтарым әкеледі. Сондықтан мен Қарағандыда осындай көрме ашуды ұйғардым. Барлық экспонаттар жеке қаражат есебінен жасалған.
Бағдарлама қонақтары бәрін өз қолдарымен ұстап қана қоймай, көптеген қызықты нәрселерді біле алады. Мысалы, қасқырды, ешкіні және қырыққабатты бір қайықта жағаға қалай жеткізуге болатының, ежелгі қытай Танграм жұмбағын шешуді, экрандағы дөңгелек тесік арқылы тікелей таяқшаны қалай сүйреуге болатының (айналу гиперболоиды), су құбырларынан орган қалай естілетінін, Бернулли теңдеуі қалай жұмыс істейтінін. Сондай-ақ, олар бір де бір шегесіз жасалған ағаш көпірді көре алады, маятниктің үш түрін шайқайды, 2 500 шегесі бар орындыққа отыра алады, кішкентай найзағайдың иесі бола алады және басқа экспонаттармен танысады.
Көрме желтоқсанға дейін жалғасады.