Қарағанды қазақ драма театры 90-шы шығармашылық маусымын ашады
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры 23 қыркүйек күні сағат 18:30-да Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясымен 90-шы мерейтойлық маусымын ашады. Режиссері – Теміржан Жанботаев.
Белгілі театр суретшісі Қанат Мақсұтовтың сценографиясымен қойылған. Басты рөлдерді негізінен драма театрының жас әртістері орындайды.
Театр ғимаратына Ashyq қосымшасы бойынша ғана кіруге болады.
Анықтама телефондары: 41-39-89; 42-02-97.