ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Көктем мезгілінде күн жылып, қар еритіні белгілі. Сондықтан көшелерді, суағарлар мен арықтарды уақытылы тазарту мақсатында арнайы кесте бекітілді. Кестеге сәйкес, аудан орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында көше бойындағы суағар арықтар мен су өткізетін құбырларды тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ұйым қызметкерлерінің белсенділігі мен бірлігі бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етуде. Қатысушылар тек қар тазалау жұмыстары ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы игі қадам екенін көрсетті.

Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына, өркендеуіне үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі. Осы ретте ауданның әр тұрғынын, әр кәсіпкерін өз ауласы мен айналасындағы қар күреу жұмыстарын ұйымдастыруға шақырамыз!

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.