Аман Барикенов Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Аман Сайлаубекұлы Барикенов 36 жаста, Жезқазған қаласында туған. Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің түлегі.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қаржы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігі бухгалтерлік есепті, аудиторлық бақылауды және қаржылық бақылауды дамыту департаментінде басқарма эксперті болып бастаған. Әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде жауапты мемлекеттік қызметтер атқарған.

2019 жылдан бастап – ҚР Премьер-министрі Кеңсесі экономика бөлімінің меңгерушісі.

Үйленген, 3 баласы бар.