Алмаз Жандарбеков «Ұлытау облысы энергетика және тұрғын үй — коммуналды шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Алмаз Әлімбекұлы Жандарбеков, 45 жаста. Ұлытау ауданы Жезді кентінде туған.

Екі жоғары білімі бар, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті мен Қазақ инженерлік-техникалық Академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары Ұлытау ауданы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылар көлігі, және автокөлік жолдары саласы бойынша мемлекеттік қызметте әр түрлі деңгейдегі басшылық қызметтер атқарды.
Post Views: 224