Қайтарымсыз қаржы – тұрғындар игілігіне
Ұлытау облысы әкімі грантының иегері Қызылжар кентінде бишілер мектебін ашты.
Жаңаарқа ауданы Қызылжар кентінде бишілер мектебінің ашылу салтанаты өтті.
Балаларға арналған би үйірмесін Жұлдыз Болатбекова ашып отыр. Бұған дейін кент тұрғыны осы жобасын ұсыну арқылы Ұлытау облысы әкімінің қайтарымсыз грантын иеленген болатын.
Жұлдыз ұтып алған қаражатқа би үйретуге қажетті құрал-жабдық сатып алып, кенттің Мәдениет үйінің бір бөлігінен шағын бишілер мектебін ашты.
Айта кетейік, бүгінде би мектебінде Қызылжар кентінен 66 бала тәрбиеленуде.