Қайтарылған активтердің 1,2 млрд теңгесіне Ұлытауда жаңа мектеп салынады
Үкімет мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы Мыңадыр стансасында 80 орындық мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Стансада жалғыз мектеп бар. Оның ғимараты 43 жыл бұрын салынған. 2000 жылдары оған жапсарлас салынған ғимарат есебінен кеңейтілген.
«Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған. 60 орындық нысанда 123 оқушы білім алып жатыр. Мектепте химия, биология, физика және география бойынша зертханалық кабинеттер, спорт залы, шеберхана, еңбек кабинеттері жоқ», делінген хабарламада.
Құрылысты бастау 2025 жылдың I тоқсанына жоспарланған.