АЭС: энергетика саласындағы еңселі жоба

Атом энергиясы жөнінде қоғамда түрлі пікірлер көп. Кейбірі қолдаса кейбірі жоққа шығаруда. Барлығымызға белгілі факт кез-келген энергия түрі секілді атомның да өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Атом станциялары құрылысы жөнінен ең қымбат нысан дейді зерттеушілер. Атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі орташа есеппен қырық жылға тең. Оны салуға жұмсалатын қаржыдан бөлек, шикізат (байытылған уран) пен мерзімі өткеннен кейін пайдаланудан шығаруға кететін қаржы да мол.
АЭС бір өзі өндіретін энергия көлеміне тең энергияны өндіру үшін жүздеген жел станциялары қажет болады екен. Мен атом электр станциясының болашағын жан-жақты бағалаймын. Бір жағынан, бұл көп уақыт пен қаражатты қажет етеді. Екінші жағынан, зиянсыз «таза энергия» саналады. Сондықтан АЭС артықшылығының бары сөзсіз. Біз оны пайдаланып қана қоймай, ядролық қалдықтарын кәдеге жаратуымыз тиіс.

Асылбек ОРАЗБЕК,
белсенді жас.