АЭС атауын халық таңдайды

Бүгін  eGov порталында арнайы бөлім ашылады. Әрбір азамат жаңа атом электр станциясына атау ұсыну мүмкіндігіне ие болады.

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, порталда баннер орналастырылады, ал қатысушыларға push-хабарлама жіберіледі.

Бастаманың мақсаты – болашақ станцияға тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқын көрсететін атау таңдау.

Қатысу үшін:
• тілді таңдау (қазақ немесе орыс);
• өз нұсқасын ұсыну;
• атаудың мағынасын қысқаша сипаттау (міндетті емес);
• конкурстың ресми қағидаларымен танысқанын растау.

Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады.