Қадірменді Ұлытау облысының тұрғындары!
Сіздерді есігімізден енгелі тұрған Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақы жыл санауымызша келетін Ұлу жылы жайлылықтың, берекенің, молшылықтың жылы болсын деп тілеймін.
Түркі жұрты, оның ішінде өзіміздің ұлтымыз Ұлу жылын молшылықтың, астық пен шөптің көбейетін кезеңі, құрғақшылық орын алмайтын тыныштықтың жылына балайды.
Олай болса, алдағы уақытта ойға алған жоспарларымыз орындалып, жетістігіміз көбейе түсуіне тілек білдіремін.
Құрметті жерлестер!
Ең бастысы, облысымыз 2023 жылы табиғи апаттар мен төтенше сынақтардан аман өтті. Келер жылы да өңір халқы береке-бірлік орнаған қоғамда өсіп-өркендей беруіне тілекшімін.
2024 жылы ойға алған жоспарларыңыз жүзеге асып, татулық пен молшылықта ғұмыр кешуді бұйыртсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.