Қадірлі архив саласының қызметкерлері!
Сіздерді бүгінгі Архивтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Архив саласы – өрелі өткеніміз бен кемел келешегімізді нақты деректермен байланыстыратын алтын көпір. Халқымыздың тарихын жаңғыртуда, рухани құндылықтарымызды жұртшылыққа жеткізуде ұлттық архивтер жүйесінің үлесі жоғары екені сөзсіз.
Табандылық пен кәсібилікті талап ететін бұл саланың қызметкерлері – жүз мыңдаған, тіпті, миллиондаған ақпараттық қазынамен жұмыс істеп, ел мүддесі үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан тарихымыздың тамыры мен құнды құжаттардың шын жанашырлары болып табылады.
Құрметті архив саласының қызметкерлері!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке, жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы.