Адам құқығы – ең қымбат қазына
2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (омбудсмен) лауазымы ерекше конституциялық мәртебеге ие болды.
Бұл жаңашылдық Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерімен жүзеге асырылды және құқық қорғау саласындағы маңызды қадам болып табылады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының конституциялық деңгейге көтерілуі оның тәуелсіздігі мен өкілеттіліктерін күшейтті, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл омбудсменді негізгі мемлекеттік органдармен тең дәрежеде қоя отырып, оның шешімдеріне және ұсыныстарына назар аудару қажеттігін арттырады.Бұл өзгерістер Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы міндеттемелерін халықаралық деңгейде мойындап, елдегі құқықтық жүйенің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды. Сонымен қатар, уәкілдің рөлі қоғамдағы құқықтық мәдениеттің дамуына, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Нұргүл МАЖИТ,
белсенді жас.