Абзал Жайлыбаев Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Абзал Әліпұлы Жайлыбаев, 39 жаста. Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ тұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінде программист болып бастап, әр жылдары Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты, Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімі, Қарағанды облысы әкімінің аппаратында түрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарған.

2021 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болған.

Үйленген, 3 баласы бар.