Аңдатпа!

2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің Сәтбаев қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесуге дейін сағат 10:00-де облыс әкімдігінің басқармалар және орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді.

Кездесу Сәтбаев даңғылы, 106 мекенжайда орналасқан Шынболат Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өтеді.