Ұжымның ұтымды ұйғарымы
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директоры Нұрлан ҚАСЫМБЕКОВ ұжым қызметкерлерімен жиын өткізіп, онда өрттен зардап шеккен Қостанай облысы тұрғындарына көмек көрсету жайы сөз болды.
Нұрлан Жолаушыұлы «AMANAT» партиясы Ұлытау аудандық филиалы жанынан гуманитарлық көмек көрсету пункті ашылғанын хабарлап, әріптестерін ізгі әрекетке үндеді.
Мекеме қызметкерлері Жездібай Сыздықов пен Бақытгүл Баймағанбетова іргелес жатқан облыстағы табиғи апат баршаны алаңдатып отырғанын айта келіп, баршаны игі бастаманы қолдауға шақырды.
Жиын түйінінде қайырымдылық шарасы аясында ұжымның біркүндік еңбекақыларын арнайы есеп-шотқа аудару туралы ұйғарым жасалды
Гүлден ӘЙТЕНОВА,
«Ұлытау» ұлттық тарихимәдени және табиғи музей-қорығының қызметкері.