Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

ҚР қолданыстағы заңнамалары талаптарына сәйкес, Аян ӘБЖАМАЛОВ Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы, төтенше жағдай салаларының қызметін үйлестіреді. Тиістілігі бойынша басқа да мекемелермен бірлесе әрекет етеді.

Аян Есенғалиұлы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды облысы Соттар әкімшілігінің Ұлытау ауданы аумақтық учаскесінің сот орындаушысы болып бастаған.

Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Ұлытау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Ұлытау аудандық Әділет басқармасының басшысы лауазымында болған.

Жаңа тағайындауға дейін Қарсақбай кентінің әкімі қызметін атқарды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.