Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы тағайындалды
ҚР Қаржы министрлігі Аппараты басшысының 2022 жылғы 11 тамызындағы № 577-ж/қ бұйрығымен Кенешев Мұхтар Әбділдаұлы ҚР ҚМ ІМАК Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Кенешев Мұхтар Әбділдаұлы 1982 жылы дүниеге келген. Тағайындалғанға дейін ҚР ҚМ ІМАК Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.