Қамқоршылық кеңестің құрылуы туралы

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру жəне оны сайлау тəртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде «№1 тірек мектебі (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесі» білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің құрылуы туралы хабарлайды.

Осыған байланысты білім беру мекемесінің білім сапасын қамтамасыз ету мақсатында мектептің материалдық-техникалық базасын дамыту үшін қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау мен сіздердің ұсыныстарыңыз қабылданады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы жəне құқық қорғау органдарының коммерциялық емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен əлеуметтік əріптестер өкілдері шақырылады.

 Мектеп əкімшілігі.