Індеттің жаңа штамы анықталды
Беларусь Республикасында коронавирустың «Омикрон-ниндзя» атты жаңа штамы анықталды. Бұл екі вирус та зертханалық сараптау арқылы расталып отыр.
COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК таратқан мәліметке сүйенсек, Минск мен Витебск тұрғындары жаңа штамды жұқтырған.
«Екі жағдай да зертханалық түрде расталды. Науқастар вирусты жеңіл түрде өткізуде. «Омикрон-ниндзя» ағзаға тез еніп, иммунитетті әлсіретеді және антиденелерді елемейді. Оны жұқтырған бір науқас 12 адамға жұқтыруы мүмкін. Бұл басқа штамдарға қарағанда екі есе көп. Омикронның жаңа түрі – Оңтүстік Африкада мутацияланған вирустың бесінші желісі.
Қазір аталған штамм АҚШ пен Батыс Еуропада кең таралған. «Бұл – негізінен тұрақты түрде мутацияға ұшырайтын «омикрон». Сондықтан біз клиника бойынша ауыртпалық пен ағымның ауырлығы жағынан қандай да бір ерекше жағдайларды күтпейміз. Емнің басталу жылдамдығы, контагиоздігі – оның басқалардан айырмашылығы. Мұнда біз «омикрон» штамы болған кездегі соңғы толқыннан ол аурудың ауырлығы мен ағымының жұмсақ түрін тудырғанын көрдік», – деп атап өтті Беларусь елінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.
Дәрігерлер жақын арада, әсіресе, тәуекел тобындағы адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинациялауды және қайта вакцинациялауды ұсынып отыр.
Аталған мемлекетте халықтың 70%-ы COVID19-дан егілген. Олардың 27%-ы қайта вакцинациядан өтті. Елде бес жастан бастап, коронавирусқа қарсы вакцинация жасалады. Ресейлік және қытайлық препараттарды қолдануда.