Келеңсіздіктің алдын алу – шарт

Орынсыз жерде жағылған от апат екенін ескеру керек. Соның салдарынан адам денсаулығына орасан зор зиян келіп, өміріне қатер төнеді. Осы жағдай ата-аналарға, балалар мен тәрбиелеу орындарына үлкен жауапкершілік пен зор міндеттер жүктейді.

Сол себепті, күнделікті тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде отпен ойнаудың қауіптілігі жас балаларға жиі түсіндірілуі керек. Балалардың тәртібі мен жүріс-тұрысына немқұрайды қарауға болмайды. Жас балалар мен мектеп оқушылары кездейсоқ өрттің адам өміріне және дүние-мүлкіне тигізетін орасан зиянын айтып, түсіндіріп отыру – бұлжымас қажеттілік.

Олар туралы әңгімелер өткізу, кинофильмдер көрсету – өте пайдалы. Бұл балалар тәрбиелейтін орындар мен мектептердің негізгі міндеттеріне айналуы тиіс.

Мектептерде жас өрт сөндірушілер жасақтарын құрып, олардың бойына ержүректік, азаматтық, тапқырлық сияқты қасиеттерді сіңіру, сондай-ақ, олардың шынығуына көңіл бөлу, кәсіптік бағдар беру мақсатындағы жұмыстар жүргізілуі қажет.

Жас балалардың өміріне қатер туғызатын, олардың денсаулықтарына зиян келтіретін кездейсоқ өрт жағдайларын болдырмау, яғни, келеңсіз жайттың алдын алу ата-аналардың, мұғалімдердің, қалаберді, барлық азаматтардың қастерлі борышы болуы тиіс.

Қай уақытта да өртке қарсы күрес мәселесіне барынша көңіл бөлінуі – басты шарт. Сол арқылы біз жастарымызды кездейсоқ оқиғалардан сақтандырумен қатар, оларды өз байлығымызды көзіміздің қарашығындай қорғауға қалыптастырып, саналы тәртіпке баулитынымызды есте ұстауымыз керек.

Сонымен қатар, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауды сұраймыз:

  • өрт болған жағдайда «101», «112» телефонына хабарлау керек;
  • үйде жас балалар болса, ең алдымен соларды өрт ошағынан алып шығу керек;
  • өрт оқиғасы бола қалған жағдайда көп адамдарға тұрмыс заттарының бықсып жануынан шыққан түтіннен иіс тиіп қалады, сондықтан, қозғалғанда неғұрлым төменгі жақпен, еденмен жылжып, дымқыл шүберек арқылы демалу керек.
  • тұрмыстық электр заттары жанған кезде оларды тоқ көзінен ағыту қажет, оларға ешқашан су құюға болмайды.
  • өрт оқиғасы бола қалған жағдайда есік-терезелерді ашуға тыйым салынады, себебі, өрттің күшейіп кетуіне оттегі тікелей әсер етеді және енді ғана басталған өрт ошағын үрлеп сөндіру мүмкін еместігін ескертеміз.

Ұлытау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.