Кеңейтілген аппарат жиыны өтті
Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ төрағалығымен кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Оған әкімнің орынбасары, аппарат басшысы, мекемелер мен бөлімдер басшылары, кенттер және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде негізгі екі мәселе қаралды. Әуелі жылу беру маусымына дайындық жайы жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автокөлік жолдары және тұрғын үй испекциясы бөлімінің басшысы Бақтияр Пардабеков баяндады. Сондай-ақ, осы мәселеге қатысты тиісті мекемелер мен бөлімдер басшылары да ақпараттарын ұсынды.
Алғашқы мәселеге қатысты Мақсұт Сәрсембайұлы мекемелер ғимараттары мен бизнес орталықтарын жылытуға жіті көңіл аударып, көмір тасу жұмысын ширатуды тапсырды. Сонымен қатар, ауызсуды жеткізу мәселесіне қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз қозғалып, түйткілді жайттар талқыланды. Бұл мәселеге қатысты кенттер мен ауылдық округтер әкімдері де өз пікірлерін білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – қысқа жем-шөп дайындығы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Құрмет Тілеулинов хабарлама жасады. Бұған қатысты Мақсұт Оспанов кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен шөп бағасын тұрақтандыру жөнінде мәмілеге келу қажетілігін атап өтіп, жиынға қатысушыларды осы бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Аппарат жиынында басқа да маңызды мәселелер қаралып, олар бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің баспасаз қызметі.