Жемқорлыққа жол бермеу – ардың ісі
«Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет». Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бəсекеге қабілеттілігін едəуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың, қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, түптеп келгенде билікке деген сеніміне кері əсер ететіні хақ
Жемқорлықпен айналысатын адам өзіне міндеттелген қызметті дұрыс орындамай, оны жеке басының табысы үшін пайдаланады. Қоғамның дамуын тежеп, оны арам дүние табуға жұмсайды. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар осы сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың ең қауіпті түрі.
Қоғамдық істер мен қоғамдық мүлікті басқару принципін, заң алдында барлығының тең, жауапты екенін, əділеттіліктің болу керегін, тазалықпен сатылмайтындықты қамтамасыз ету қажет екенін ескере отырып, жемқорлықта қабылдамайтын мəдениет қалыптасуына көмектесуге үгіттейміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нəрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Əлеуметтік желінің, өзге де медиа – ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекет барысында, оны жалпы жұртшылықтың жек көруі сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.