«Алтын алқа» иегері атанды

Ұлытау ауданы Ақтас кентіне қарасты Пионер ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Есенкүл ТӨЛЕГЕНОВА Мемлекет басшысының Жарлығымен «Алтын алқа» иегері атанды. Жуырда кент əкімі Дулат СҮЛЕЙМЕНОВ мəртебелі марапатты иесіне салтанатты түрде табыс етті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ниетпен алғыс білдіремін. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан құру жолында үлкен жұмыстар жасап жатыр. Əсіресе, ана мен балаға, ауылдағы ағайынға қамқорлық танытуды жергілікті билікке қатаң тапсырды. Елге жасалып отырған осындай жақсылықтары мен бейбіт заманымыз үшін Президентімізге айтар алғысым шексіз, – дейді шаттық сезіміне бөленген көпбалалы ана.

 Өз тілшімізден.