Мемлекет және қоғам қайраткері Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов дүниеден өтті

Бұрынғы Жезқазған облысының әкімі қызметін атқарған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов дүниеден өтті.
Қажымұрат Ыбырайұлы Нағманов 1948 жылы 1 маусымда Омбы облысында дүниеге келген. 1971 жылы Ленинградтағы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған, мамандығы –инженер құрылысшы. Әр жылдары Қазақ теміржолында, партия, комсомол органдарында еңбек етті. Павлодар облысының Екібастұз қаласында партия комитетінің бөлім меңгерушісі, екінші хатшысы, Ермак қалалық атқару комитетінің төрағасы, Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы, Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы, облыстық кеңес депутаты, Жоғарғы кеңес депутаты, атом энергетикасы және өнеркәсібі кәсіпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясының вице-президенті болды.
Қажымұрат Ыбырайұлы 1994-1996 жылдар аралығында Жезқазған облысын, кейін Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарын басқарды. ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Президентінің кеңесшісі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ бірінші вице-президенті лауазымдарында қызмет етті.
Марқұмның отбасына, туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз.
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі