Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!
Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге жəне ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың жəне қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн.
— Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
— Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
— Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда
— Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға жəне қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
— Қоршау белгілерінен, бұйымдардан тыскары жүзбеңіз.
— Техникалык ескерту белгілерінің, бұйымдардың жəне басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері
— егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. — Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
— Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңызды бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
— Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа əдісімен жағаға шығыңыз
Су иірімінен шығудың тəсілдері
— Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
— Судың астына иірімен алысырақ кетуге тырысыңыз.
— Иірімен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз. Суда қатты шаршаған кездегі іс-əрекет. Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға əкеліп соғады.
— Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
— Əлсін — əлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді жəне уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
— Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.
Суық судың қауіптілігі
Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек.
Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тəсілін қолдану арқылы жойыңыздар. — қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын жəне асқазанын судан босатуға кірісу;
— қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің əр жағынан саусақпен қарамай, немесе қол орамалмен, не дəке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
— Ауыз ішін шырышпен балдырдан тазалау керек.
— Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінен бүгілген аяғының үстіне бас жамбасынан төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл жəне тиімді тəсіл – «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Баспармақпен жəне сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж əдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70- 72 рет.
Есте сақтаңыздар!
Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жол – суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Ұлытау ауданы ТЖБ.