Әнуар Омар «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Әнуар Серікбайұлы Омар, 54 жаста. Алматы қаласында туған.
Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін тәмамдаған.
Әр жылдары мәдениет, білім беру ұйымдарында түрлі қызметтер атқарған. Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласының әкімі болған.
2021 жылдан осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС директоры-бас редактор қызметін атқарған.
Үйленген, 5 баласы бар.