Кеңгірбай Смағұлов «Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұлов, 43 жаста. Ұлытау ауданы Қаракеңгір селосында туған.
2000 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы салық комитетінің салық инспекторы ретінде бастаған. Әр жылдары экономика, кәсіпкерлік, қаржы саласында, әкімдік аппаратында мемлекеттік қызметте еңбек етті. 2008 -2020 жылдары Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды. 2020 жылдан бері «Нұр Отан» кейіннен «Аманат» партиясының Жезқазған филиалының атқарушы хатшысы болды.
Үйленген, 3 баласы бар.