Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазіргі кездегі экономикалық, саяси жəне қоғамдық үрдістердің қарқынды ырғағы біздің өмірімізде ақпараттың маңызды орын алатындығын айғақтайды. Сіздер арқылы қалың жұртшылық тың жаңалықтар мен қажетті ақпарат алады, білімін толықтыра түседі.
Сіздер қазіргі дəуірдің жылнамашысы ретінде барлық саланың дамуына, туған өлкені сүйіп, құрметтеуге, отансүйгіштікке тəрбиелеуге, біздің қоғамдағы адамгершілік бастауларды нық қалыптастыруға елеулі үлес қосып келесіздер. Кей жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен көкейкесті əлеуметтік түйіндерге назар аударып, оларды бірігіп шешу арқылы оң нəтижелерге қол жеткіземіз.
Аудандық «Ұлытау» газеті де азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билікпен бұқараның арасындағы дəнекер ғана емес, аймағымыздың толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді. Газетте орын алған оқиғаларға дер кезінде назар аударатын, өз ісіне адал, терең пайымды журналистер еңбек етеді. Біз – Сөз, Қоғам жəне Ар жауапкершілігін арқалаған ұлытаулық майталман журналистерді əрдайым мақтан тұтамыз.
Қымбатты достар!
Құрметті кəсіп – журналист мамандығын игеру əркімнің талайына берілмеген. Жоғары кəсіби шеберлікті игере отырып, үнемі дəуір үнімен тыныстау, қазіргідей қарыштап дамыған қоғамда халықтың қуанышы мен ауыртпалығын бөлісу, шынайы пікірлесу, оларды жаңа асулар мен шыңдарға тарту тек қана Сіздердің қолдарыңыздан келеді.
Бүгінгі мереке күні өз оқырмандарыңыздың таңдаулысы болып қала берулеріңізді жəне шығармашылық табыс, кəсіптеріңізге сəттілік, мықты денсаулық тілейміз.
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Аудандық мəслихаттың хатшысы.