Құрметті сот жəне сот қызметкерлері!
Сіздерді Сот жəне сот қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!
Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуын, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Сондай кепілдік пен əділеттілік болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді. Сот жүйесі – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық жəне процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тəртіппен жұмыс жасайтын иерархиялық жүйе болып табылады.
Сіздерге шын көңілімізбен зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, отбастарыңызға баянды бақыт тілеп, қоғамымыздың игілігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте абырой биігінен көріне беріңіздер деп шын жүректен тілектестік білдіреміз.
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы.