Музей қызметкерлері тарихи-мәдени орындарды аралады
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының қызметкерлері Алтын Орда дəуіріндегі ескерткіштерді аралап, олардың бүгінгі жай-күйін біліп қайтты.
Танымдық шараға «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығы директорының орынбасары Аман-Серік Есенғали, тарихи-мəдени мұраны қорғау жəне пайдалану бөлімінің басшысы Азат Сабыржан, музей қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Музей қызметкерлері «Болған ана», «Құлан ана», «Талмас ата», «Алтын шоқы», «Жошы хан» кешендеріне барып, өңіріміздің бірегей тарихи-мəдени мұра нысандарының бірқатарын аралап, туристік нысанға айналдырудың маңыздылығы да сөз болып, ұсыныстар айтылды.
Тарихи құндылықтарымызды қорудағы басты мақсатымыз — тарихи киелі жерлерімізді сақтап қалу, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, туризмді дамыту арқылы барлық елдерге паш ету болып табылады, — деді музей директорының орынбасары Аман-Серік Есенғалиұлы.
Ақбота БОЛАТОВА,
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері.