Құрметті медицина қызметкерлері, сала ардагерлері!
Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.
Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі – өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дəрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кəсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал, оның иесі болу – үлкен мəртебе.
Сіздер кешегі пандемия уақытында ерлікпен пара-пар еңбектің үлгісін көрсеттіңіздер. Өз бастарыңызға қатер төніп тұрса да, өзгелердің жанына араша түсіп, алдыңғы қатарда болып, аянбай еңбек еттіңіздер.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мəселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз. Осы мақсатта аудан орталығында жаңа аурухана, бірнеше ауылда медициналық пункттер мен дəрігерлік амбулаториялар салу жоспарда тұр. Жедел жəрдем көліктері жаңаланып, медицина мекемелерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру қолға алынуда.
Сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Төгілген тер, танытқан төзімдеріңіз үшін алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да халықтың ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз! Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын!
Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілейміз!
Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!
Советбек МЕДЕБАЕВ,
Ұлытау ауданының əкімі.
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
аудандық мəслихаттың хатшысы